Венесуэла президенті Николас Мадуро бірнеше еуропалық елдердің мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы ультиматумын қабылдамады және елдегі дағдарыс азаматтық соғысқа мүмкін деп ескерту жасады.
АҚШ пен басқа да көптеген елдер Николас Мадуроны мемлекеттің заңды басшысы деп санамайды. Еуропарламент және өзге де мемлекеттер өткен аптада өзін президент міндетін атқарушы деп жариялаған Венесуэла оппозициялық Парламентінің көшбасшысы (Ұлттық ассамблея) Хуан Гуайдоны елдің лигитимді басшысы ретінде таныды. Ал Ресей және Қытай «диктатор басшы» атанған Маудроға қолдау білдірді.
Венесуэладағы соңғы президент сайлауы 2018 жылдың мамыр айында өтті. Сол кезде Венесуэла үкіметі ел оппозициясын мойындамай, оларды «халық жауы» деп атады. Былтырға сайлауда кезекті мәрте Мадуро жеңіске жетсе де, батыс пен Латын Америкасының жетекші елдері бұл жеңісті «фарс» деп бағалады. Яғни шетел үкіметтерінің көпшілігі 56 жасар Мадуроның инаугурациясын елемеді. Оның ішінде Қытай, Түркия, Иран және Ресей бар.
Өткен аптада Испания, Германия, Франция, Ұлыбритания, Нидерланды, Португалия және Аустрия Мадуро билігіне ультиматум қойды. Шарт бойынша ол сегіз күн ішінде сайлау өткізуі тиіс немесе АҚШ, Канада және Еуропа елдері ресми түрде оппозициялық үкіметті Венесуэла билігіне лайық деп таниды. Бірақ, Николас Мадуро испандық «La Sexta» телеарнасына берген сұхбатында мерзімінен бұрын сайлау жарияламайтынын айтты. Ол өз сөзінде: «Біз біреуден ультриматум қабылдамаймыз. Егер мен Еуропалық Одаққа қаратып Каталония Республикасын мойындау үшін жеті күн беремін, әйтпесе біз шара қолданамыз десек, жағдай қиын болар еді. Халықаралық саясат ультиматумдарға негізделе алмайды. Мұндай отарлау мен империялық жүей қазір жоқ», – деді. Гуайдоға қолдау көрсеткен Трамп Си-би-эс телеарнасына сұхбат беріп, Венесуэлаға сыртқы күштің араласуы «қақтығыстарды ушықтырады» деді. Ал Мадуро Трампқа «Венесуэла екінші Вьетнам болатынын» ескертті.
Экономикалық құлдырау
Венесуэла алтыншы жыл қатарынан кономикалық құлдырауды бастан кешіруде. 1 миллион пайыздан астам ннфляциялық құлдырауға ұшыраған Венесуэла өткен жылы 1920 жылдардағы Веймар Республикасының және 2000 жылғы Зимбабве тарихындағы деградациямен сай келді. Осы ретте «мұнай қоры бойынша әлемнің жетекші елдер қатарына кіретін мемлекет экономикалық құлдырауға қалай тап болды?» деген сауалға туындайды. Уго Чавес 1998 жылы президент постына сайланғанда елдегі жемқорлық пен кедейшілікпен күресуге уәде берген болатын. Ол елдің мұнай байлығын кедейшілікті жойып, халық таптары арасындағы теңсіздікті қысқартуға арналған әлеуметтік бағдарламаларды жүргізуге пайдаланды. Байлар мен кедейлер болып бөлінетін жергілікті халыққа көпшілік осындай бағдарламалар керек деп ойлады.
Чавес Венесуэланы ХХІ ғасырдың социализміне айналдырғысы келгендіктен, уақыт өте келе оның саясаты радикалды сипатқа ие бола бастады. Ол өнеркәсіпті толықтай мемлекет қолына алып, мемлекеттік бюрократияны күрделендірді. Мұның барлығы мұнайдан түскен пайда және есепсіз алынған қарыздар есебінен жүргізілді. Осылайша Венесуэла қарызға белшесінен батты. 2013 жылдың наурызында Уго қайтыс болардан бұрын экономикасы әбден әлсіреген ел билігін тапсырды өзінің ізбасары Николас Мадуроға тапсырды. Сол уақыттан бастап елді дағдарыс жайлады.
Венесуэлада 2013 жылдан бері жалғасып келе жатқан экономикалық құлдырау АҚШ тарихындағы ұлы дағдарыстан шамамен 2 есеге көп. Ал бұл көрсеткіш жалпы батыс жартышар тарихындағы ең үлкен деградацияға айналды. Жақында ғана АҚШ үкіметінің америкалық юрисдикциядағы Венесуэла мұнай компаниясының PDVSA активтерін тоқтатып, АҚШ компанияларына аталған ұйыммен мәмілелер жасауға тыйым салғанын ескерсек, алдағы уақытта елдің қаржылық деңгейі одан сайын әлсіреуі мүмкін.