Қытай делегациясы сауда келісіміне байланысты АҚШ-қа барды.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Қытай мемлекеттік кеңесі вице-премьері Лю Хэ бастаған делегация бүгін Уашингтонға барған. Олар қаңтар айының 30-ы мен 31-і күндері аралығында өтетін екіжақтық сауда келісіміне қатысты келіссөздерге қатысады деп жоспарлануда.
Бұған дейін АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучин Қытай делегациясымен арада өтетін келіссөздер барысында президент Тарптың Лю Хэмен кездесетіндігін айтқан.
Трамптың экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ларри Кудлоудың сөзінше, АҚШ пен Қытай арасындағы бұл жолғы келіссөздер екі ел арасындағы сауда келісімі тарихындағы ең маңызды және жан-жақты талқылауды талап ететін бас қосу болмақ.