Мәскеу маңындағы дау: Ресей Конституциясын өзгерту кімге және не үшін қажет ?
Мәскеу маңында Ата Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге байланысты дау толастар емес. Жақында Мемлекеттік Дума төрағасы Вячеслав Володин парламенттің төменгі палата мандатын кеңейтуге мүмкіндік беретін Конституциялық өзгерістер жөніндегі бастамаларға қайтып оралды.
«Өзгертулер мен толықтырулар Конституциядағы бірқатар келеңсіздіктердің орнын толтыруға мүмкіндік береді. Коституциялық сот төрағасы мен өзге де мамандар Ата Заңға өзгертулер енгізілсе билік тармақтарындағы тепе-теңдік сақталып, көп дүние атқарушы билік пайдасына шешіледі деп есептейді» - деді Володин.
Бірақ Володиннің бұл пікірімен оппозиция өкілдері келіспейді. Себебі Мемлекеттік Дума спикері президент Владимир Путиннің сенімді серіктерінің бірі және кез келген дүниені Кремльдің пайдасына шешу үшін жұмыс істейді. РФ Жоғары экономика мектебінің профессоры Илья Шаблинскийдің сөзінше, Конституциялық өзгеріс бірінші кезекте «Президенттің басқару мерзімін шектеу» жөніндегі бапқа және Мемлекеттік Дума өкілеттігін кеңейту жөніндегі мәселелерге бағытталған.
Шаблинский аталмыш мәселеге байланысты «Америка дауысы» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Мен Мемлекеттік Дума өкілеттігін кеңейтуді қолдаймын. Бірақ Володин мырза айтқан жолмен емес. 2008 жылы Мемлекетті Дума жыл сайын үкіметтің қорытынды баяндамасын тыңдауға мүмкіндік алған. Бірақ дәл осындай әдемі «бантиктің» артында «президент өкілеттігін 6 жылға ұзарту» сияқты оданда маңызды мәселе жасырын өткізілген» - деді. Шаблинскийдің сөзінше, Володин бұл жолыда өзінің осыдан 11 жыл бұрынғы жоспарын жүзеге асырмақ.
Осы тұста Мәскеу маңында болып жатқан пікір таластарға қарап, осы уақытқа дейін Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар еріксіз еске оралады.
Қазақстан Тәуелсіз ел атанғалы бері Ата Заңға 1998, 2007 және 2011 жылдары өзгертулер енгізілді. 1998 жылы енгізілген өзгертуде президент өкілеттігі 5 жылдан 7 жылға ұзартылды, бір адамның 2 реттен артық президент сайлауына қатыспауы мен президент жасына қатысты шектеулер алынып тасталды. Бір сөзбен айтқанда бұрын мемлекеттік қызметкерлер 63 жастан кейін зейнетке кетуі керек болса, өзгертулерден кейін 100-ге дейін мемлекеттік қызметпен айналысуына заң жүзінде рұқсат алды.
2007 жылығы өзгерту бойынша, Мәжіліс тек партиялық тізіммен жасақталатын болды. Бұған дейінгі сайлауларда халық белгілі бір адамға дауыс беріп келсе, бұдан былай тек партияларға дауыс беретін болды. Сайлаудан кейін кез келген партия парламентке кімді отырғызсатынын өзі шешті.
Ата Заңға соңғы рет өзгертулер мен толықтырулар 2011 жылы енгізілді. Дәл осы жылы мерзімінен бұрын президент сайлау өтті және Конституцияға енгізілген өзгертулер аталмыш саяси оқиғамен тұспа-тұс келді. Өзгертілген Ата Заңға сәйкес, мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауының уақыты президент шешімі бойынша белгіленетін болды.