Facebook компаниясына тиесілі WhatsApp хат алмасу құрылғысы фейк жаңалықтармен күресу және оның таралуына жол бермеу мақсатында хабарламаларға шектеу қойды. Бұдан кейін бір сілтемені қатарынан бес реттен артық жолданбайды.
Бұған дейін WhatsApp желісі арқылы бір хабарламаны 20 рет әр тарапқа жөнелтуге мүмкіндік бар болған. Жаңа шара бойынша қолданушылардың саны да шектелмек. Айталық, бұған дейін бір WhatsApp қолданушысында 5 мыңға дейін контактіге тіркелуіне болатын болса, жаңа шектеу шарасы бойынша бұл сан 1280-ге дейін азайтылды.
Бұл шектеулер 2018 жылы Үндістанда сынақ ретінде басталған. Себебі, елдегі аталған әлеуметтік желі арқылы тараған ақпараттар кісі өліміне де себеп болған.
WhatsApp-тың вице-президенті Виктория Гранд бұл шара WhatsApp желісіндегі жалған ақпараттардың таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды