Анжелина Жоли (Angelina Jolie) Камбоджадағы өзінің жаңа фильмін ұсына отырып, бұл ел оған «жандану» елі болғанын мәлімдеді.

Әртіс Би-би-сиге бала кезінде қызыл кхмерлер орнатылған геноцидті бақылаған, өз көзімен көрген адамның іңгімесі бойынша түсірілген «Алдымен олар менің әкемді өлтірді» фильмінің көрсетілімі қарсаңында айрықша сұхбат берді.

Анжелинаның сөзі бойынша, ол режиссер ретінде қатысқан фильм Камбоджи адамдарына сол кезде алған терең жаралары туралы ашық айтуға көмектесуге шақырылған.

Геноцид кезінде бұл елде 2 млн-ға жуық адам қаза тапты.

БҰҰ-ның қашқындар ісі бойынша Жоғарғы комиссар басқармасының арнайы елшісі болған Жоли Камбоджада алғаш рет 2001 жылы «Лара Крофт: мазарларды ұрлаушы» фильмінің түсірілімі кезінде болған. Кейіннен ол үлкен ұлы Мэддоксты Камбоджадан асырап алған.

«Мен бұл елге келдім, оның халқына ғашық болдым және оның тарихын танып-білдім»,-деді ол Би-би-си тілшісі Ялда Хакымге берген сұхбатында. Сол кезде мен қоршаған әлем туралы қаншалықты аз білетінімді түсіндім. Бұл ел маған «жандану» үшін көмектесті. Және де мен бұл елге әрдайым алғысымды айтамын. «Мен бұл елдің маған бергенін ешқашан қайтара алмайтын сияқтымын» - дейді ол.

Түсініксіз трагедия

«Алдымен олар менің әкемді өлтірді» фильмі жазушы Лун Унның бір аттас кітабы желісінде түсірілген.

Елді 1975-1979 жылдары аралығында билеген, Пол Поттың басшылығында болған қызыл кхмерлер тәртібі оның отбасын Пномпоне астанасындағы үйін тастап кетуге мәжбүрлеген кезде ол небәрі 5 жаста болатын.

Кейбір санақтар бойынша, 2 млн-ға жуық, яғни елдің ширек бөлігі тәртіп әсерінен немесе аштықтан және ауыр жұмыстан қаза болған.

«Мен бұл соғыс және осыдан 40 жыл бұрын болған оқиға жеткілікті түрде түсіндірілмеді деп шештім»,-деді Джоли.

Фильмнің басты бөлігі кхмер тілінде дыбысталған, бірақ Джолидің сөзі бойынша, ол Камбоджада болған оқиғаны әлем мейлінше жақсы түсінуі үшін тырыстым дейді, сонымен қатар ол фильм  жергілікті тұрғындарға да қызықты болады деп үміттенеді.

«Бұл адамдарға барынша ақтарылуға көмектеседі деп үміттенемін, себебі сол оқиғаның куәгерлері балаларына айта қоймаған» дейді әртіс.

Қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешіре

Netflix компаниясы шығарған фильмнің әлемдік көрсетілімі қазіргі Сиемреап қаласынан солтүстікке қарай орналасқан Ангкор-Ват шіркеулік кешенінде өтті. Мұнда «Мазарларды ұрлаушы» фильмінің көптеген эпизодтары түсірілген.

Көрсетілімде Жолидің 6 баласымен бірге Камбоджа королі Нородом Сиамони болды, ол Жолиге 2005 жылы қоршаған ортаны қорғау бойынша қорда атқарған жұмысы үшін алғыс ретінде өз елінің азаматтығын сыйға тартқан болатын, қордың ұйымдастырушысы Жоли болды.

Осы күні Жоли өткен жылғы қыркүйекте Брэд Питтпен ажырасуға арыз жазғаннан бері алғаш рет көпшілік алдына шықты.

Питт пен Жоли 2004 жылдан бері бірге болды, бірақ тек 2014 жылы тамыз айында  ресми түрде некеге тұрды.

«Бұл өте қиын болды»,- деп ағынан жарылды әртіс. Көптеген адамдар мұндай жағдайды бастарынан кешіреді. Менің отбасымның әрбір мүшесі қиын-қыстау кезеңді бастан өткізді. Бірақ мен бар зейінімді балаларымызға  арнаймын...

«Біз отбасымыз және әрқашан отбасы болып қаламыз және бұл маған қиындықпен күресуге көмектеседі. Мен бұл жағдайдан шығу үшін, біз бір-бірімізге жақын болу үшін және мықты болу үшін қолымнан келгенді аямаймын»,- деп қосты ол.

Ойындағысын айтып салу тілегі

Өткенде Жоли New York Times-қа  Дональд Трамп енгізген, жеті мұсылман еліне иммиграцияға қойған қарсылыққа жауап ретінде мақала жазған болатын. Бұл мақалада Американы қорқынышқа емес, нақты дәлелдерге негізделген шешім қабылдауға шақырады.

Ол нақты Трамп жайлы айтпады, бірақ «америка халқы – қандай болмасын президенттен де көп» деді ол.

«Мен өз еліме, ол құрылған қағидаларға, оған қымбат құндылықтарға  сенемін», – деп баса айтты. «Және мен қорқыныш пен жек көрушілік, адамдарды нәсіл белгілері бойынша бөлу шын мәнінде Америка үшін жат қылықтар» деп санаймын.

«Бір қызығы, біз әлемдегі адамдардың өз азаматтық бостандығы мен құқықтары үшін күресіп жатқандығын және олардың не нәрсеге сенетінін көріп отырмыз». Біз Америкада адамдардың: «бұл американша ма, бұл конституциялық емес» деп айтқандарын естиміз. Және мен солай деп санаймын».

Фариза Мұқанова

"The Qazaq Times"