Бұған дейін АҚШ-тың Иранға бағыттаған санкциясына қолдау танытпаған Еуропалық Одақ Иранға санкция салуға шешім қабылдады. Бірақ, Еуропа Одағының санкциясы Иранның барлау ұйымына бағытталған.
Еуроодақ кеңесінің жасаған мәлімдемесінде, екі ирандық азаматтың Еуропа жерінде қастандық жасауды жоспарлады деп айыптады. Мәліметте айтылуынша аталған екі ирандық сол елдің барлау ұйымына қызмет етеді.
ЕО тарабынан қабылданған санкция Иран барлау ұйымының Еуропадағы тұрақты мүлігі мен қаржыларын бұғаттайды.
Бұнымен қатар осыған дейін ЕО санкциясына ұшырап келген 15 Иран азаматы мен 21 мекемеге бағытталған санкция тағы 6 айға ұзартылмақ.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап