Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев шетелде жүрген өзбекстандық мамандардың тізімін жасауға тапсырма берді.
Lex.uz порталында жарияланған жарлықта Мирзиеевтың тиісті министрліктер мен ведомстваларға Өзбекстан СІМ мен «Эл-юрт умиди» қорына шетелде жүрген өзбекстандық мамандардың тізімін әзірлеп, ұсынуға тапсырма берген.
Бұдан бөлек жарлықта Өзбекстан мамандарын шетелдерге оқуға жіберу, шетелдік сарапшыларды елге тарту, экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысында мамандарды конкурс бойынша қабылду сияқты мәселелер айтылған.
Қазіргі таңда Өзбекстанда маман тапшылығы байқалуда. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін ел билігі 2019-2021 жылдар аралығында 4 мың маманды халықаралық университеттерде қайта оқытпақ. Оқу ақысы «Эл-юрт умиди» қорының есебінен төленеді деп жоспарлануда.