7 қаңтарда Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу басқармасының бұрынғы басшысы, полковник Нодир Туракуловтың былтыр 25 қазанда 16 жылға бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды.
"Эзгулик" құқық қорғау қоғамының басшысы Абдурахмон Ташанов Нодир Туракулов ісіндегі жәбірленушілермен сөйлескенін айтады.
"Полковник Туракулов Нодирға былтыр 25 қазанда Жоғары әскери сотта үкім шыққан екен. Ол Қылмыстық кодекстің он бабы - "пара алу", "бопсалау", "қызметін асыра пайдалану", "алаяқтық" т.б. баптар бойынша айыпты деп танылып, 16 жылға сотталыпты", - дейді Абдурахман Ташанов.
42 жастағы Нодир Туракуловпен бірге 12 адам сотталған. Олардың ішінде арнайы қызметтің, прокуратураның, милицияның өкілдері мен кәсіпкерлер бар.
Құқық қорғаушы Ташановтың айтуынша, қазір Туракуловқа қатысты екінші бір қылмыстық іс қозғалған.
Арнайы қызметтің бұрынғы полковнигі Нодир Туракулов былтыр 22 қаңтарда Ташкентте ұсталған. Осыдан кейін 23 жыл бойы Ұлттық қауіпсіздік қызметін тапжылмай басқарып келген Рустам Иноятов қызметінен алынды. Оның орнына бас прокурор болған Ихтиёр Абдуллаев тағайындалған.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап