АҚШ Түркияға Сүрия мәселесіне қатысты ультиматум қойды.
АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Жон Болтон ресми Анкараға ультиматум қойды.
«Сүриядан әскери күштерімізді шығару уақыты біз көргіміз келген келісімдер орындалған кезде белгілі болады. Келісім орындалған сәтте ғана әскерді шығару мерзімін белгілейміз» - деп мәлімдеді Болтон.
Ақ үй тарапының талабы бойынша, Түркия АҚШ Сүрия аумағынан әскерін шығарғаннан кейін сүриялық күрдтерге шабуыл жасамауға уәде беруі тиіс. Өйтпеген жағдайда АҚШ әскерін ел аумағынан шығару мерзімі мен уақытын белгілемейді.
Естеріңізге салайық, желтоқсан айында АҚШ президенті Дональд Трамп «Сүрия аумағындағы Америка әскерін шығаратынын» мәлімдеген. Оның бұл қадамын одақтастары қатаң сынға алып, «үлкен қателік» деген баға берген. Ал ресми Анкара Трамптың бұл шешімін керсінше қолдаған.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды