«Қытайдың Чженжоу қаласындағы темір жол вокзалының күту залында полиция қызметкерлерінің орнын енді роботтар алмастыра бастады», – деп хабарлайды GBTimes.
Роботтың кескін-келбеті тартымды, ақ пен қара түстерге боялған және бойы орташа адам бойынан аз ғана аласа. Қозғалуы арнайы дөңгелектермен жүзеге асады. Әрнені көріп тұратын өзінің сенсорлары бар және сұрақтарға жауап бере алады. Оған қоса, бұл «қызметкер» ауа-райын көрсетіп тұрады және өрт қаупі төнген жағдайда адамдарға ескерте алады. Әзірге бір апта бойына, тек тестіден өткізу үшін қолданылады. Егер полиция қызметкерлерінің көңілінен шығып жатса, роботтар қызметке алынатын болады.
2016 жылы Қытайдың Шыңжаң қаласында аталмыш роботтың «үлкен ағасы» қызметін бастап кеткен. Ол да камералары арқылы адамдарды тани алады. Содан кейін олардың суреттерін әуежайдың қауіпсіздік қызметіне беріп отырады.
«The Qazaq Times»


















Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
Қазақстандағы жасанды интеллекттің ақпараттық жұмысы және БАҚ еркіндігі: Билік ЖИ-ді шектеу саясатын қолға ала ма?
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті