Оңтүстік Корея Hancom компаниясының бүгінгі (8 ақпан) хабарына, жасанды интеллект техникасы (AI) енгізілген  «тілмәш» роботтар 2018 жылғы Пиеоңчаң (Pyeongchang) Қысқы Олимпиадасына қатыстырылады. Бұл аудармашы роботтар шетелдіктерге сапалы аудармашылық қызмет көрсету үшін пайдаланылмақ. Бұл туралы sina.com хабарлайды.

фото: favrskoverhverv.dk

Hancom ( Корей тілі және компьютерлік) компаниясы Futurerobot  компаниясымен «тілмәш роботтарды» зерттеу жасау, дамыту келісіміне қол қойды. «Тілмәш» роботтарға автоматтандырылған Genie Talk және Futurerobot робот технологиясын қатар қолдануға келісіп отыр. Пиеоңчаң (Pyeongchang) Қысқы Олимпиадасына қатысуға келген шетелдік қонақтарға сапалы аударма қызметін атқарады деп күтілуде.

фото: Chatbot's Life

«Тілмәш» роботтар дыбыстау, аудару және сурет тану қаблеттеріне ие. Олардың аударма дәлдігі қазір әлемдегі ең жоғары деңгейде, Futurerobot-тың өндірген ең «сезімтал» құлтемірлер.

фото: Inverse

“The Qazaq Times”