Түркия Ғарыш агенттігін құрды – деп хабарлайды Anadolu ақпарат агенттігі.
Президент Режеп Тайып Ердоғанның жарлығы бойынша, Түркияда Ғарыш агенттігі құрылды. Жарлыққа сәйкес, агенттіктің жеке бюджеті мен өз бетінше жұмыс істейтін әкімшілік басқару жүйесі болады.
«Агенттік Түркияның ұлттық ғарыш бағдарламаларын жүзеге асыруға міндетті. Ғарыш агенттігі Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесе отырып, елдің аэро-ғарыш саласындағы стратегиялық жоспарларын дайындайтын болады» - делінген Режеп Тайып Ердоған шығарған жарлықта.