Иранның жаңа зымырандары Еуропа Одағына айтарлықтай қауіп төндіреді.
Die Welt неміс басылымының хабарлауынша, жаңа зымырандар Еуропаның оңтүстік-шығысындағы елдерге дейін жете алады. Теһран 2018 жылы он үш рет орта және жақын қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізген. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есеге артық болғандықтан, Еуропалық арнайы қызметтері Иран зымырандарының ЕО территориясына қауіпті деген шешімге келген. Ал ресми Теһран БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ережесін бұзбайтынын және жыл сайынғы сынақтардың қауіпсіздік пен қорғаныс мақсатында өтетінін айтқан.
Биыл АҚШ Иранды ядорлық келісімді бұзды деп айыптап, 2015 жылы жасалған көпжақты ядролық келісімнен шықты. 5 қарашадан бастап АҚШ тарапы Иранға қарсы санкцияларды қайта қалпына келтірді. Уашингтон аталған санкциялар Иранның «дұшпандық іс-әрекеттеріне», оның ішінде кибершабуылдарға және баллистикалық зымырандарды сынауға қарсылық есебінде салынатынын айтты. Сонымен қатар, Теһранға Таяу Шығыстағы радикалды топтарға қолдау көрсетуге кедергі жасау мақсатында жүзеге асады.
АҚШ-тың Иранға қарсы салынған екінші санкцияларының тізімінде Иранды төлемдер өткізу мен банкаралық ақпарат алмасу жүйесінен ажырату қарастырылған. Бұл шара тек қана Иран емес, осы елмен мұнай экспортын және қаржылық байланыс жасайтын мемлекеттерге де қатысты.Санкциялық тізімде 700-ден астам жеке тұлға, ұйымдар мен компаниялар, оның ішінде елдің негізгі банктері, мұнай экспорттаушылары мен кеме қатынасы компаниялары да бар.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді