Керш бұғазындағы жағдайға байланысты АҚШ және оның өзге де одақтас мемлекеттері Украина шекарасынан жоспарланбаған ұшақ ұшырды. Бұл туралы Пентагон хабарлап отыр.
Пентагонның мәлімдеуі бойынша, Ресей ешқандай желеусіз украиналық кемелерге оқ жаудырып, Қара теңіз арқылы Керш бұғазын кесіп өтпек болған сарбаздарды тұтқындаған. Дәл осы әрекетімен Ресей өзінің агрессиялық басымдылығын көрсеткісі келуі мүмкін деп жорамалдады.
Бұдан бөлек, АҚШ Ресей Федерациясымен ынтымақтастықты жақсартқысы келетіндігін де мәлімдеп, бірақ оның Украинадағы жағдайға байланысты алдағы уақытта орындалмайтындығын да кесіп айтты.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тың OS-135B ұшағы Украина шекарасында жатқан Қрымның солтүстік бөлігін ұшақ арқылы бағдарлаған болатын. Соңғы ақпараттарға сүйенсек, барлау ұшағы аталған аймақтан қауіпті мекендерді байқамаған. Сонымен бірге Қара теңіз аймағынан Американың радио барлаушы EP-3E Aries II ұшағы да пайда болғандығы анықталды. Қазіргі таңда Грекияның Крит аралындағы әуе базасынан ұшқан ұшақ барлық теңіз аумағын барлау жұмыстарымен айналысуда.