“The New York Times” басылымы Ресейдің көп жылдан бері сынақ жасап дамытқан «SSC-8» ядролық зымыранды Волгоград маңындағы зымыран сынақ орнынан жөткеп, операциялық бір базаға орналастырғанын хабарлады. Хабарға қарағанда аталған сынақ алаңдағы екі ядролық зымыранның біреуі, өткен жылдың желтоқсан айында орын ауыстырған. Ресейдің бұл әрекеті АҚШ Орталық Барлау ұйымына алаңдаушылық тудырды.

Фото: Украина Новини
АҚШ Орталық Барлау ұйымы бұл зымыранды «SSC-8» деп тұрақтандырған. Алайда, әлі де сынақ сатысында екеніне сенімді емес. Себебі, мұндай қарулардың сынақ мерзімінен өткендігін, операцияларға дайын екенін білдіретін «Х» әрібі алынып тасталған.
Ұлыбритания. Пентагон тарабы Ресейдің 1987 жылы жасалған Орта қашықтықта, құрлықтан атылатын зымырандарға тиым салуға бағытталған – «Орта қашықтықтағы ядролық қару келісімін» бұзғанын айыптап отыр. Ресейдің ядролық зымырандарды дамыту әрекеті Батыс пен Американы алаңдататындығы айтпаса да түсінікті. Аталған тараптар қазіргі кезде, Ресейдің келісімді бұзу әрекетін тексеру ұсыныстарын жасап отыр. Ол да болса, АҚШ пен Еуропа елдерінің саяси ойындарда Ресейге ұпай беріп қоймауы үшін керек болып отыр.
“The Qazaq Times”

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті