Ресей жаңа ядролық зымыранын кезекті рет сынақтан өткізді – деп хабарлайды РФ Қорғаныс министрлігіне қарасты «Красная Звезда» газеті.

Басылым мәліметінше, Ресей қарулы күштері РС-28 «Сармат» құрлықаралық баллистикалық зымыранын Архангельск облысында орналасқан Плесецк айлағында сынақтан өткізген. Сынақ барысында зымыран кешенінің ұшу қарқыны мен басқару жүйелері тексерілген.

«Сармат» құрлықаралық баллистикалық зымыранын ең алғаш Ресей президенті Владимир Путин Федералды жиынға жолдауы кезінде таныстырған. Путиннің сөзінше, салмағы 200 тонналық «Сармат» зымыраны ядролық оқтұмсықтарды алып жүруге қауқарлы және қазіргі таңда әлемде оны тоқтататын зымыранға қарсы жүйе жоқ.

“The Qazaq Times”