Жаһандық дағдарыстың белең алуы себепті Американың федералдық кор жүйесі базалық мөлшерлемені 0-0,25%-ға дейін төмендетті. Бұл туралы USA today басылымы орталық банкке сілтеме жасап хабарлады.
Орталық банк хабарламасында нарықтағы тепе-теңдікті ұстау үшін қосымша 700 миллиард доллар бөлінетіні жазылған. Төмендетілген мөлшердегі дәліз әлем экономикасы қайта күшейгенше сақталады. Сондай-ақ федералды қор жүйесі облигацияларды сатып алуды бастады. Олар барлық банктерді бизнес пен үй шаруашылығын несиелеу үшін өтімді активтерін қолдануға шақырды.
Бұған дейін яғни 3 наурызда АҚШ билігі базалық мөлшерлемені азайту туралы шешім қабылдаған болатын. Бүгін екінші мәрте жүзеге асырып отыр. Мәліметтер бойынша, федералдық қордың мұндай қадамға баруына әлемдік экономикалық дағдарыспен қатар, коронавирус пандмиясының белең алуы себеп.
Жаһандық экономикаға қолдау көрсетуге Еуропа, Канада Швейцария мен Жапония елдерінің банктері де атсалысып жатыр. Олар доллардың әлемдік қаржы институттарына қолжетімді болуы үшін айырбас құнын азайтты.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы