Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы жөнінде мәлімдеме жасады.

Ресейдің «Россия-24» телеарнасына сұхбат берген Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен арадағы жеке қарым-қатынасы жөнінде және екі мемлекет арасындағы байланыс жөнінде пікір білдірді.

«Біз болашақты болжайтын пайғамбар емеспіз. Болашақта не болатыны жаратушыға ғана аян. Қазақстанның болашағын біздің орталық азиялық көршілерімізден (Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан), Ресей және Қытайдан бөліп қарауға болмайды. Барлығы осылардың дамуы мен жағдайына байланысты... Владимир Владимирович Путин 2000 жылы билік басына келгелі бері біз жақсы қарым-қатынастамыз. Осы уақытқа дейін көптеген қиын сұрақтарды бірігіп шешіп келеміз. Олардың ішінде Қазақстан мен Ресей арасындағы 7 500 шақырым шекараны қайта сызу сияқты мәселелер бар. Естеріңізде шығар, шекара мәселесін Қытаймен 100 жыл бойы шеше алмаған едік. Бұдан бөлек біз Владимир Владимировичпен бірігіп Байқоңыр ғарыш айлағына қатысты сұрақтарды шештік. Бұның барлығы Владимир Владимировичпен арадағы сенім, жақсы қарым-қатынастың арқасында жүзеге асырылды. Дәл осы қарым-қатынас әлі күнге дейін жалғасып келеді» - деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.

"The Qazaq Times"