Украина арнайы қызметі соғыс жағдайына өтті.
Украина қауіпсіздік қызметі ел аумағына Ресей арнайы қызмет агенттерін кіргізбеу мақастында күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
«Ұлттық қауіпсіздік қызметі соғыс жағдайына өтті. Ресей агенттерінің Украина аумағында тұрақсыздық орнату талпыныстарының алдын алу мақсатында барлауға қарсы қызмет агенттері күшейтілген режимде жұмыс істеуде» - деп мәлімдеді Украина Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге салайық, 25 қараша күні Ресей арнайы жасағы Азов теңізінде Украина әскери теңіз күштеріне тиесілі үш бірдей кемеге шабуыл жасап, басып алған болатын. Осыдан кейін Украина қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысы өтіп, ел президенті Петр Порошенко соғыс жағдайын енгізген.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?