Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Гэвин Ульямсон Ресей агрессиясының құрбаны болған Украинаға әскери қолдауды нығайтатынын айтты.
Daily Telegraph мәліметінше, Украинаға бостандық пен демократияны қорғау үшін қосымша британдық әскерлер, сондай-ақ әскери теңіз флотының кемесі жіберіледі. Сол арқылы Британия қарулы күштері украиндық әскери және теңіз жаяу әскерлерін қарулы қақтығыстарға қарсы дайындайтын болады. «Украина ресейлік агрессияның құрбаны болса да, Біріккен Корольдік оның сенімді серіктесі боп қала береді. Біз екі ел арасындағы ынтымақтастығымызды жалғастыра отырып, жаттығу немесе бірлескен оқу-жаттығу түрінде болсын, Украинаны және ортақ келісімдерімізді қорғауға көмектесетін боламыз. Ешқашан демократиямен сауда жасау мүмкін емес. Мен Шығыстағы соғыс нәтижелерін өз көзіммен көрдім және бұл менің Украинаның егемендігін, оның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қолдау туралы ойымды күшейтті», – деді министр.
Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі қазіргі уақытта Украинадағы Львов және Днепр қаласының аумағында жергілікті жасақты жаттықтыратын 100-ге жуық британдық әскерлер бар деп мәлімдеді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы