НАТО елдері әскери шығындарын арттыруда.
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергтың сөзінше, ұйымға мүше 29 елдің 9-ы әскери бюджетін арттырған.
«Осы уақытқа дейін ұйымға мүше екі мемлекеттің ғана әскер шығына ЖІӨ-нің 2 пайызын құрайтын. Қазір олардың саны тоғызға жетті. Қалған мемлекеттер бұл межеге алдағы он жылда жетуді жоспарлап отыр» - деп мәлімдеді Столтенберг.
Бас хатшының айтуынша, егер НАТО-ға мүше әр мемлекет өзіне жүктелген міндеттерді орындап, әскери бюджетін ЖІӨ-нің 2 пайызына жеткізетін болса, онда ұйым қорында қосымша 100 миллиард доллар болар еді.