KAZNEWS - Мінсе – көлік, жесе – ас, ішсе – сусын болған жылқы көшпелі халықтың бар керегіне жараған. Заман өте келе бұл төлге деген ерекше сүйіспеншілік пен қадірлеу әлі де сақталып келеді. Киелі жануардың еті, қазы-қарта, жал мен жаясы, қымызы дастархан төрінен орын алатыны белгілі.
Отандық жылқы шаруашылығының бүгінгі халі қандай? Жылқы экспорты жүзеге асып отыр ма, мал басы қанша, саралап көрелік.
Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Баян-Өлгий аймағында мал саны 2 млн 167 мың 413 жеткен. Оның ішінде жылқы саны 85793 ғана. Жалпы жылқы саны еліміз бойынша 3 млн-ның шамасында. Мамандардың айтуынша, жылқы малын тірідей емес, ет комбинаттарын іске қосып, өңделген етті экспортқа шығарған жөн.
Бұл сөзді Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнер кәсіп вице министрі Сәуле Жәнімханқызы растап отыр. Оның айтуынша, «Жылқы малын тірідей экспортқа шығаруға тиым салып отырмыз. Мал етін өңдеу арқылы экспортқа шығаратын өндірістерді қолдаймыз.» - деді.
Сонымен қатар, Сәуле Жәнімханқызы, Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнер кәсіп министрлігі тарапынан "1 миллиард төгрөг" Баян-Өлгий аймағының шағын және орта өнер кәсіпті дамытуға бөлінгенін айтты.
«The Qazaq Times»


















Отанға оралған қандас бейімделуі немесе Қандастар мен Қазақстандағы мигранттарды ақпараттық қолдау және әлеуметтік бейімдеудің медиа-стратегиясы
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
МЕШІН ЖЫЛДЫҢ ҚАРА ӨЛЕҢІ
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті