Германия канцлері Ангела Меркель Бундестагтағы Христиан-демократиялық одақтың (ХДС) жетекшілігіне күресуге ниетті еместігін айтқан соң, оның орнын басуға 12 үміткер өз кандидатурасын ұсынды.
Осыған дейін Германия тарихында аталған лауазымға таласқандар кездеспеген. Сарапшылардың пікірінше, бұл лауазымға 3 үміткер ғана лайықты. Олардың қатарында 22 жасында Бундестагқа сайланған денсаулық сақтау министрі, жас саясаткер Йенс Шпан бар. Меркельдің миграциялық саясатына түбегейлі қарсы үміткер Германиядағы саяси жүйеге резонанс туғызбақ ниетте. Екінші үміткер Фридрих Мерц қазіргі канцлердің бұрыннан келе жатқан бақталасы. Ф.Мерц үкіметте біраз уақыт еңбек еткен, бірақ 2002 жылы Меркель оны қызметінен босатты. Ал үшінші бболып кезекте тұрған Ангела Меркельдің ең жақын үзеңгілестерінің бірі, партия хатшысы Аннегрет Крамп-Карренбауэр билікке келсе, партия саясаты өзгере қоймайды.
Бұдан бөлек, Германия канцлері 2021 жылы өтетін сайлауда көшбасшылыққа үміткер қатарында болмайтынын мәлімдеген болатын. Меркельдің бұл шешімі әлемдік саясаттағы күтпеген жаңалықтардың бірі. 2005 жылдан бастап ГФР үкіметін басқаратын ол мансабын тоқтатып қана қоймай, Гамбургтегі партия съезінде өз кандидатурасын ХДС төрағасы лауазымына ұсынбайтынын айтты. Осыған дейін Гессен аймағында өткен сайлау нәтижесінде Меркель басқаратын одақ жеңіске жеткен болатын. Дегенмен, дауыс беру бойынша 27,2% қолдау көрген партия айтарлықтай мардымды жетістікке жеткен жоқ. Ал Орталық солшыл социал-демократиялық партиясы 19,6% дауысқа ие болды. Пайыздық көрсеткіштерді осыдан бес жыл бұрынғы сайлау қорытындысымен салыстырсақ, Христиан-демократиялық одағы 12%-ға жуық төмен көрсеткіш көрсеткен.
Меркель партиясын нақты кімнің басқаратыны 8 желтоқсанда Гамбургте өтетін сайлау кезінде белгілі болады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы