Соңғы жылдары АҚШ бастаған әлемдік державалар жаппай қарулануды тежейтін келісімдердің барлығын бұзып, өзара қарулану жарысына бет бұрды. Бүгінгі таңда әлем бойынша әскери қуаты жағынан АҚШ, Қытай және Ресей көш бастап тұр. Осыған байланысты бүгін біз аталмыш мемлекеттердің әскери қуаты мен бюджетіне қысқаша тоқталуды жөн көрдік.
АҚШ армиясының әскери қуаты мен жылдық бюджеті
Халықаралық «Global Firepower Index» зерттеу ортылығының мәліметінше, АҚШ-тың қорғаныс саласына бөлетін бюджеті 600 миллиард долларға жақындап келеді. Қазірдің өзінде Петагон арсеналында 5884 танк, 19 ұшақ тасымалдаушы кеме, 13 762 ұшақ және 415 әскери кеме бар. Тұрақты армия саны 1,4 миллион сарбазға тең.
Қытай қарулы күштерінің әскери қуаты мен жылдық бюджеті
Қытайдың қорғаныс саласына бөлетін бюджеті АҚШ-пен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Бірақ осыған қарамастан әскери қуаты жағынан әлемдік рейтингте екінші орында келеді. 2017 жылғы статистика бойынша, ресми Бейжің қорғаныс саласына 161,7 миллиард доллар қаржы бөлген. Қазіргі таңда Қытай қарулы күштерінің арсеналында 6457 танк, 1 ұшақ тасымалдаушы кеме, 2955 ұшақ бар. Жеке құрамы әлем бойынша бірінші орында. Тұрақты армия сапында 2,24 миллион сабраз бар.
Ресей армиясының әскери қуаты мен жылдық бюджеті.
2017 жылы Ресей Федерациясының қорғаныс саласының бюджеті 44,6 миллиард долларды құрады. Кремль арсеналындағы танктер саны 20 215. Бұл қазіргі уақытта әлемдік рекорд. Бірақ өзге әскери техникалық көрсеткіштер бойынша Ресей қарулы күштері өзінің басты бәсекелесі АҚШ-пен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Ұшақтар саны 3794, ал әскери кемелер саны 352. Тұрақты армия қатарыда 766 055 сарбаз бар.
Стокгольмның жаһандық мәселелерді зерттеу институтының мәліметін бойынша, 2017 жылы әлемдік қорғаныс бюджеті 1,74 триллион долларға жеткен. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1,1 пайызға көп.
Бұдан бөлек 2017 жылы әлемдік қару-жарақ экспортының да көлемі артқан. 2008-2012 жылдармен салыстырғанда қару-жарақ экспорты 10 пайызға өсіп, 31,11 миллиард долларды құраған. Жаһандық қару-жарақ экспортының басым көпшілігі АҚШ-қа тиесілі. Былтырғы жылы Америка компаниялары қару-жарақ саудасынан 12,39 миллиард доллар пайда тапқан. Бұл әлемдік экспорттың 39,8 пайызын құрайды.
Әлемдік алпауыттарды бір сәтке ұмытып, өзіміздің елімізге келетін болсақ, 2017 жылы Қазақстан қорғаныс саласына 1,34 миллиард доллар қаржы бөлген. Бұл ішкі жалпы өнімнің 0,84 пайызына пара-пар. 2016 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4,36 пайызға өскен. Былтырғы жылы қорғаныс министрлігі 209 миллион долларға қару-жарақ сатып алған. Атап қайтқанда Ресейден 163 миллион долларға, Испаниядан 24 миллион долларға, Германиядан 13 миллион долларға, Канададан 4 миллион долларға қару-жарақ импорттаған. Қазіргі таңда қорғаныс саласына бөлінген қаржы жағынан Қазақстан әлемдік рейтингте 66 орында.