Әлемнің ең қымбат ойыншылары анықталды.
«CIES Football Observatory» сараптамалық компаниясы әлемнің ең қымбат ойыншыларының рейтингін жариялады. Рейтинг бойынша, 19 жастағы Франция ұлттық құрамасы мен «ПСЖ» футбол клубының ойыншысы Килиан Мбаппе ең қымбат ойыншылар тізімін бастады. Оны сарапшылар тобы 216,5 миллион еуроға бағалаған. Екінші орынға 197,3 миллион еуромен Ұлыбританияның «Тоттенхэм ФК» ойыншысы Харри Кейн жайғасқан. Үшінші орынға Мбаппенің командаласы бразилиялық шабуылшы Неймар табан тіреген. Оның бағасы 197 миллион еуро.
«CIES Football Observatory» компаниясы ойыншылар рейтингін футболшылардың жасына, ойнайтын позициясына, алаңға шығу жиілігіне, клуб және ұлттық құрама сапындағы жетістіктеріне қарай жасаған.
«ПСЖ» футбол клубы Килиан Мбаппені 180 миллион еуроға сатып алған. Ол 2017-2018 жылғы маусымды аренда құқығы бойынша ойнаған. Кейіннен 2018 жылдың жазынан бастап ПСЖ-ға толықтай көшкен. Мбаппе 2018 жылы Франция құрамасымен бірге әлем чемпионатын жеңіп алды және мундиаль қорытындысы бойынша ең жас үздік ойыншы атағын иемденді.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды
Өзбекстан президенті желтоқсанда Қырғызстанға барады