Жаңа Каледония аймағында Франциядан бөлініп шығу туралы референдум өткен соң, жаппай тұрақсыздық орын алды.
Тынық мұхитында орналасқан аймақ астанасы Нумеа қаласының орталығында жергілікті тұрғындар қарсылық акциясын өткізіп, оншақты көлікті жағып жіберген. Қақтығыс салдары әлі де зерттеліп жатыр.
Кеше өткен референдум барысында Жаңа Каледонияның дербестігі талқыланған болатын. Оған премьер-министр мен теңіздегі аумақтар ісі жөніндегі министрі қатысты. Сайлау алдында Франция президенті Эммануэль Макрон референдум өткізу кезінде үкімет тарапы бейтарап көзқарас танытатынын және дауыс беруге халықаралық бақылаушылардың қатысуына рұқсат беретінін айтқан. Референдумға қатысқан 80% cайлаушылардың 57%-ы Францияның құрамында қалуды қолдаған. Алайда, саяси шара алдындағы сауалнама нәтижесінде тұрғындардың 70%-ы бесінші республикадан егемендік алуды қалаған. Сондықтан сарапшылар мұндай жайт аралды аймақта келешекте рефрендумды қайта өткізуге негіз болуы мүмкін дейді. Алдағы уақытта Франция билігі Жаңа Каледонияның барлық саяси күштерімен ресми кездесу өткізбек.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел