Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сауд арабиялық журналист Жамал Хашоггиді кімнің өлтіруге тапсырыс бергенін мәлімдеді.
Режеп Тайып Ердоған Сатмбұл қаласындағы Сауд Арабия елшілігі аумағында өлтірілген журналист Жамал Хашоггидің өліміне қатысты пікірі білдірді.
Ол онда: «Жамал Хашоггиді өлтіруге Сауд Арабиядағы ең жоғары лауазымды тұлғалар тапсырыс берген. Түркия мен Сауд Арабия достық қарым-қатынаста екені белгілі. Мен қасиетті мешіттердің қорғаушысы король Салманның адам өлтіруге тапсырыс бергеніне сенбеймін. Сол себепті журналистің өлімі ресми байланысымызға әсер етпейді» - деп мәлімдеді.
Естеріңізге салайық, саудиялық журналист 2 қазан күні жоғалып кеткен. Кейіннен оның Стамбұлдағы Сауд Арабия консулдығы аумағында өлтірілгендігі белгілі болған.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды