Армения президенті Армен Саркисян парламентті таратты.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, қараша айының 1-і күні Армения парламенті екінші рет премьер-министр сайлауында келісімге келе алмады. Осыдан кейін заң бойынша парламент отставкаға кетуі керек. Тиісті қаулыға президент Армен Саркисян қол қойып, парламент сайлауын желтоқсан айының 9-ы күніне белгіледі.

Бұған дейін 16 қараша күні премьер-министр Никол Пашинян мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу үшін отставкаға кеткен.

Қазіргі парламентте билеуші «Республикалық партия» 50 мандатқа, «Царукян» блогы 31 мандатқа, «Елк» блогы 10 мандатқа, «Дашнакцутюн» бологы 7 мандатқа ие.

"The Qazaq Times"