Индонезияның Lion Air атты әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаны туралы әлем ақпарат құралдары жазуда. Аталған ұшақ Жакарта (Джакарта) әуежайынан ұшып шығып, көп өтпей теңізге құлаған. Индонезияның үкіметі таратқан ресми мәліметте, Boeing 737 Ява аралының батыс жиегінде құлағаны айтылады.
Boeing 737 Жакартадан Банка аралындағы Панкалпинанг қаласына бет алған. Әуеге көтеріліп 10 минуттан кейін радардан жоғалған. Индонезиялық БАҚ-тың айтуынша, ұшақта 178 жолаушы және 7 экипаж мүшесі болған.

Фото: BBC.
Lion Air авиакомпаниясы туралы ақпараттарды ақтарғанымызда білгеніміз – аталған компания жеке меншік компания, сондай-ақ, Индонезиядағы ең ірі әуе компаниясы болып саналады. 120-дан астам бағытқа ұшатын 105 ұшағы бар. Бұдан бұрын аталған компанияда апатты жағдай 2013 жылы тіркелген екен. Сол рет Boeing 737 ұшағы ұшу жолынан көтеріле алмай қалған, алайда ешкім зардап шекпеген.
Әзірге, кезекті апаттан зардап шеккендер туралы анық ақпарат жоқ.
“The Qazaq Times”


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді