Нұрсұлтан Назарбаев ресми іссапармен Брюссельге барды.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев Бельгия астанасында өтетін «Азия-Еуропа» ХІІ семмитіне қатысады. Бұдан бөлек іссапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар екі жақтық кездесулер өткізіп, еуропа жоғары лауызымды тұлғаларымен келіссөздер жүргізеді деп жоспарлануда.

Бұған дейін Назарбаев Финляндияға сапарлай барған. Ол онда Финляндия президенті мен «Nokiа» компаниясының басшыларымен кездесу өткізген.

"The Qazaq Times"