Франция Тынық мұхитында ядролық сынақ өткізгені үшін халықаралық сотқа тартылды.
Тынық мұхитында орналасқан Франция Полинезиясы ресми Парижді 1960-1996 жылдар аралығында Тынық мұиты аумағында 190-нан астам ядролық сынақ өткізгені үшін Гаага халықаралық сотына берді. Франция Полинезиясының экс-президенті Оскар Темарудың сөзінше, Францияның өткен ғасырда Тынық мұхиты аумағында жасаған ядролық сынақтары адамзат баласына жасаған қастандық және отарлаудың басты қозғаушы күші.
1960-1996 жылдары аралығында Франция сол кездегі отары Алжир аумағында 210, Франция Полинезиясының Муруроа және Фанагатауфа аралдары аумағында 193 ядролық сынақ өткізді. Осыдан кейін жергілікті азаматтар онкологиялық ауруларға шалдығып, халықаралық ұйымдарға шағымданды. 2001 жылы ядролық сынақтан зардап шеккендерден құралған тәуелсіз ұйым ядролық сынақты өткізген әскерилерді айыптады. 2010 жылдың маусым айында Франция үкіметі зардап шеккендерге өтемақы төлеу жөнінде қаулы шығарды.
Қазақстан аумағында да Кеңестер одағының ядролық сынақтарынан қалған жазылмас жара бар. Семей ядролық сынақ алаңында 1949-1989 жылдары аралығында 468-ден астам сынақ жүргізілді. Салдарынан жүздеген адамның өмірі қиылып, мыңдаған адамның тағдыры тас-талқан болды. Бірақ осы уақытқа дейін Кеңестер одағының тікелей мұрагері Ресей қазақ халқынан, үкіметінен бір де бір рет ресми түрде кешірім сұраған жоқ.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды