Ресей Ауғанстандағы үстемдігін арттыру үшін АҚШ-пен күресуде.

«Голос Америки» ақпарат агенттігіне сұхбат берген АҚШ Қарулы күштерінің орталық басқару басқармасының басшысы Жозеф Вотел: «Мәскеу Ауғанстандағы үстемдігін арттыру үшін Уашингтонға қарсы күрес жүргізуде. Ресейдің соңғы уақыттары таратып жатқан «АҚШ Ауғанстан, Сүрия және Ирактағы «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымдарын қолдап отыр» деген айыптаулары ешқандай қисынға келмейді... Ауғанстан мәселесінде Ресеймен қатар Иранда күшін арттыруда. Бірақ Теһранның ұстанымы Мәскеумен салыстырғанда өзгеше. Иран Ауғанстан мәслесінде өзінің шекаралық аудандарының қауіпсіздігіне алаңдайды. Олар қазір ресми Кабулмен де, Талибан қозғалысымен де келіссөздер жүрізуде» - деп мәлімдеді.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова: «Ресей Ауғанстан мәселесінде АҚШ-пен бірлесіп жұмыс істеуге дайын. Бірақ Уашингтонның Ауғанстанда жүргізіп отырған саясаты Мәскеуді алаңдатады, сол себепті де жиі сынға ұшырайды» - деген.

Жалпы, АҚШ пен Ресей арасындағы текетірес соңғы уақыттары бұрын соңды болмаған деңгейге жеткен. Ал Ауғанстан дағдарысына қатысты дау Сүрия мен Ирак аумағындағы «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы талқандалғаннан кейін өрши түскен. Мәскеу «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйым енді Ауғанстанда күш алып, Орталық Азия елдері мен Ресейде ойран салуы мүмкін десе, АҚШ тарапы Ресейдің бұл мәлімдемелерін саяси пропаганда деп есептейді.

"The Qazaq Times"