НАТО 2014 жылы желілік соғысты (ғаламтордағы шабуыл және қорғаныс) құрлық, теңіз және әуе соғыстарымен қатар мән беретінін білдірді. Бірақ, осыған дейін желілік соғысқа байланысты шаралар мен жоспарлары туралы мәлімет таратпаған.
Жақында Пентагон лауазымдылары бұған байланысты деректің ұшын шығарды. Олардың айтуынша егер Құрама Штат тарабы НАТО-ның ұсынысын қабыл алса, онда НАТО АҚШ-тың желілік шабуылдау және қорғаныс желісінің мүмкіндіктерін пайдаланбақ. Бұл туралы VOA жаңалықтар қызметі хабарлады.
АҚШ Қорғаныс министрлігі Халықаралық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі хатшысы Вильбарже, Пентагон басшысы Жеймс Мэттиспен бірге Еуропаға жасаған сапары кезінде аталған мәселе туралы журналистерге жауап берді. «Біз алдағы уақытта ресми түрде хабарлайтын боламыз, егер Құрама Штат мақұлдығын берсе, НАТО сол арқылы желілік соғыс мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге дайын», – деді Вильбарже.
НАТО-ға мүше мемлекеттердің жақында өткен жиналысы кезінде НАТО-ның желілік операцияларын үйлестіру үшін ұйымға жаңа орталық құрылатыны белгілі болған еді. Бұған қоса, ұйымға мүше мемлекеттердің желілік мүмкіндіктері мен бірыңғай әрекет етуді қалай ортақтастыру істерін талқылаған болатын.
НАТО мүшелері арасында Құрама Штаттар, Ұлыбритания, Германия, Норвегия, Испания, Дания және Нидерланды былтыр ғана ортақ әскери киберқауіпсіздік қағидасын жасаған еді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді