Жоғары Кеңес депутаты Кенжебек Бокоев қырғыз үкіметінің назарын елдегі су қоймаларына аудартып, көрші республикаларға суды сатуды ұсынды.
«Талас облысындағы Киров су қоймасында 2 мың гектар жер су астында қалды. Су қойманың 90 пайыз суын Қазақстан мен Өзбекстан тегін пайдаланып келеді. Үкімет олардан ақша алу мәселесін қарастыру керек», - деді Бокоев.
Талас облысындағы Киров су қоймасы 1975 жылы Манас және Кара-Буура аудандарының ортасында салынған. Оған 550 млн текшеметр су сыйады. Қырғызстан оның тек 12 пайызын ғана пайдаланады. Қалған бөлігін келісім бойынша Қазақстан пайдаланады.
Қазақстан суды пайдаланғаны үшін жыл сайын су қоймасына 70 млн теңге (194 мың доллар) бөліп, жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Бірақ қырғыз тарапы бұл қаржы жеткіліксіз деп отыр.
"The Qazaq Times"


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?