Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полициясы 13-24 қаңтар аралығында Алматы қаласы және Алматы облысының аудандарында бірнеше арнайы операция өткізіп, солардың нәтижесінде 15 күдіктіні ұстады. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап "Орталық Азия хабар қызметі" жазады.
"Терроризмді насихаттау, террористік әрекетке дайындалу, діни алауыздық туғызу және заңсыз қару сақтау қылмыстарына қатысы бар деген күдікпен барлығы 15 адам ұсталлы. Күдіктілердің тұрғылықты мекен-жайларын тінту барысында 5 граната, халықаралық террористік ұйымдардың белгілері, діни әдебиет пен электрондық материалдар тәркіленді", - делінген арнайы қызмет таратқан ресми ақпаратта.
Арнайы операцияға қатысты басқа да мәліметтер, ұсталған күдіктілердің есімдері жарияланбады.
“The Qazaq Times”

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды