Қырғызстан ішкі істер министрлігі (ІІМ) АҚШ елшілігіне мәліметтер берген бұрынғы және қәзіргі қызметкерлердің сотталғаны жөніндегі ақпаратты растады.
ІІМ баспасөз хатшысы Бақыт Сейтов жауапқа тартылғандар кезінде ІІМ-де жұмыс істеген дейді. «Ия, оның біреуі кезінде бізде (ІІМ) қызмет істеген. Кейіннен АҚШ елшілігіне жұмысқа тұрған сияқты. Оның ІІМ-де таныстары қалған. Солардан ақпарат алып отырған. Мен мұны өз көзіммен көргем», - деп атап өтті Сейтов.
Жоғарғы сот іс Бірінші май аудандық сотында өткенін, бірақ сот шешімі мемлекеттік құпия ретінде жарияланбайтынын хабарлады. АҚШ елшілігі болса, бұл мәліметке байланысты әзірге ешқандай түсініктеме бермеді.
«Дело №» газетінің 19 қыркүйектегі санында «Қырғызстан ІІМ офицерлері АҚШ елшілігі үшін тыңшылықпен айналысқан» деген мақала жарық көрді. Онда қазір АҚШ елшілігінде күзетте жұмыс істейтін ІІМ бұрынғы қызметкерлері Самат Шерипбеков пен Кумарбек Чалданбаев және ІІМ-нің қазіргі офицерлері Мирлан Тойчиев пен Эмилбек Карачев «шетелдік ұйымға ақпарат жинап отырған» деп айыпталғандығы жазылған.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды