АҚШ президенті Дональд Трамп Пентагон басшысы Жеймс Мэттисті жұмыстан қууы мүмкін – деп хабарлайды «The New York Times» басылымы.
«The New York Times» мәліметінше, Трамп пен Мэттис АҚШ-тың Оңтүстік Кореямен бірлесіп өткізетін әскери оқу-жаттығу жұмыстары, Ақ үйдің Иран ядролық келісімінен шығуы сияқты мәселелерде келісімге келе алмаған. Осыған байланысты Мэттис ұзақ уақыттан бері өзінің Трамппен қандай мәселелер бойынша келісе алмағандығы жөнінде журналистер сұрағына жауап беруден бас тартуда. Ол осы уақытқа дейін бір де бір басылымға сұхбат бермеген.
«The New York Times» газетінің Ақ үй мен Пентагондағы ақпарат көздерінің сөзінше, Трамп Мэттистің мемлекеттік хатшы Майк Помпео сияқты өзінің жағында болғанын қалайды. Бірақ Мэттис осы уақытқа дейін оның бұл қалауын арындағанды былай қойып, кейбір мәселелерде оған қарсы шығуда. Америкалық салапшылардың сөзінше, Мэттистің отставкаға кетуі Трампқа үлкен қиындықтар алып келеді. Себебі ол Пентагон мен Республика партиясының өкілдерінің қолауына ие.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды