Астана Анкараның халықаралық сахнадағы саясатын қолдайды, - деді ҚР президенті Н.Назарбаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен бірлесе өткен баспасөз конференциясында. Бұл туралы Анадолу агенттігі хабарлайды.
ҚР Президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Н.Назарбаев түркиялық әріптесімен Анкарада екжақты тиімді келіссөздер өткізген. "Түркия мен Қазақстан аймақтық және жаһандық мәселелерде бірдей ұстанымда. Екі елдің ынтымақтастығы олардың ынтымақтастығы мен тарихына негізделген. Қазақстан-Түркия жоғары деңгейлі ынтымақтастық стратегиялық үшінші Кеңесінің қорытындылары екі елдің арасындағы ынтымақтастықты бекітеді. Астана мен Анкара арасындағы саяси диалог дамуда. Осыған байланысты еларалық кездесулерді жалғастыру маңызды", - деген Н.Назарбаев. Мемлекет басшысының сөзінше, кеше түркітілдес мемлекет басшыларының қатысуларымен Қырғызстанда өткен Түркі кеңесі саммитінің қорытындылары да талқыланған.
Н.Назарбаев, сонымен қатар: "Қазақстанда түрік капиталымен жұмыс істейтін 800-ден астам компания бар. Өткен жылдың қорытындылары бойынша, екі ел арасындағы тауар айналымының жалпы көлемі 1,9 миллиард долларды құрды. Қазіргі уақытта осы деңгейді 5 миллиардқа дейін , ал кейін 10 миллиард долларға жеткізу көзделуде. Екі елдің үкіметі осы бағытта жұмыс істейтін болады», - деген.
Айта кету керек, кеше, 13 қыркүйекте Н.Назарбаев ресмии сапармен Түркияға барған еді. Ол онда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен екіжақты келіссөздер жүргізіп, екі ел басшылары Қазақстан-Түркия жоғары деңгейлі ынтымақтастық стратегиялық Кеңесінің үшінші отырысын өткізді.