Президент Нұрсұлтан Назарбаев ресми іссапармен Түркияға барды, - деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Осы іссапары аясында Н.Назарбаевтың Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен және елдің кәсіпкерлерімен кездесуі жоспарланған. Сонымен қатар, президент Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық Кеңесінің ІІ отырысына қатысады деп күтілуде.
Бауырлас екі ел арасындағы дипломатиялық байланысқа қатысты тағы бір айта кететін жайт, кеше, 12 қыркүйек күні Астанада Қазақстан-Түркия инвестициялық форумының отырысы болып өтті. Онда жалпы сомасы 1,7 млрд долларды құрайтын екіжақты 22 коммерциялық құжатқа қол қойылды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті