Гүлнара Каримованың бизнес-әріптесінің өсиетхаты көшірмесіне қарағанда, Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы офшорлық компанияларға иелік еткен. Бұл жөнінде Швеция сотында прокурорлар мәлімдеді.
Желтоқсанның 14-іне дейін жалғасатын Стокгольм сотында Telia (бұрынғы Telia Sonera) телекоммуникациялық компаниясының бұрынғы үш жетекшісіне Өзбекстанның бұрынғы президенті марқұм Ислам Каримовтің қызы Гүлнара Каримоваға 400 миллион АҚШ доллары көлемінде пара берген деген айып тағылған.
Айыптау қорытындысы бойынша, Гүлнара Каримова Өзбекстанның телекоммуникациялық саласын және гибралтарлық Takilant фирмасын толықтай бақылауда ұстаған, үш шетелдік компания түрлі әдіспен миллиондаған долларды мемлекеттің ұялы байланыс нарығына шығу үшін Каримованың шотына аударған.
Бұлардың арасында Гүлнара Каримова мен оған жақын адамдардың "соңғы қалауы мен өсиетхаты" бар. Каримованың жақындарының атына тіркелген оффшорлық аймақтағы түрлі компаниялардың банк шотына Швейцария, Голландия, АҚШ және Швеция бақылау органдарының деректері бойынша, жүздеген миллион доллар салынған, әлемнің бірнеше елінен жылжымайтын мүлік сатып алынған.
Құжаттармен бірге арнайы банк ұяшығында Гүлнара Каримова өзінің "соңғы әрі жалғыз өсиетхатын" сақтаған, онда өзінің бар дүние-мүлкінің соңғы әрі нақты иегерлері – 26 жастағы ұлы Ислам мен 20 жастағы қызы Иман екенін көрсеткен.
Өзбекстан Гүлнара Каримованы ұрлық және бопсалау қылмыстары үшін айыпты деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырған, ал Еуропа шетелдік телекоммуникациялық компаниялардан миллиондаған доллар пара алған деп айыптайды.