Ұлыбританияның «Brexit» келіссөз жүргізушісі ЕО-тың реформа жасалмаған жағдайда «ыдырау» қаупі бар екенін атап айтты. Бұл туралы түрік баспа сөзінде хабарланды.
Еуропа парламентінің «Brexit» (Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы) келіссөз жүргізушісі Ги Верхофстант Еуроодақтың (ЕО) реформа жасалмаған жағдайда «ыдырау» қаупімен бетпе-бет қалатынын атап көрсетті.
Еуропа үшін Либералдар мен демократтар одағы (ALDE) төрағасы Верхофстант BBC-ге берген сұхбатында одақтың әртүрлі орталар жасаған қысымдарға душар болғанын білдірді.
Одақ тұрғысынан мәселенің күрделі екеніне назар аударған Верхофстант «Қазір Еуроодаққа жасалған қысымдарға қарайтын болсақ, (АҚШ президенті Дональд) Трамп Еуроодақтың ыдырайтынын ойлайды. Сондай-ақ Еуроодақты бөлшектегісі келген (Ресей президенті) Владимир Путин де бар» деді.
Еуроодақтың сондай-ақ терроризм, Еуроодақтың ұлтшылдар мен Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуымен (Brexit) де бетпе-бет екенін атап көрсеткен Верхофстант «Сондықтан қазіргі жағдай Еуроодақтың болмысы тұрғысынан маңызды. Реформа жасайтын уақыт келді. Керісінше (ЕО) ыдырауы мүмкін» деді.
«The Qazaq Times»