Стокгольмде Өзбекстан экс-президенті Ислам Кәрімовтың қызы, экс-ханшайым Гүлнара Кәрімова ісіне қатысты сот отырысы басталды.
Қыркүйек айының 4-і күні Швецияның Стокгольм қаласында Гүлнара Кәрімоваға 350 миллион доллар пара берді деген айыппен ұсталған «Telia» телекоммуникациялық компаниясының экс-басшылары Ларс Нюберг, Теро Кивисаари және Ули Туиманың сот отырысы болып өтті. Сот шешімі бойынша, прокурорлар мен қорғаушылардың үкім алдындағы соңғы жарыс сөзі желтоқсан айының 11-і мен 14-і күндері аралығында өтеді. Ал үкім 2019 жылдың қаңтар немесе ақпан айында шығарылады.
2015 жылы Швеция, Швейцария және АҚШ-та Гүлнара Кәрімованың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Оған «бес бірдей телекоммуникациялық компаниядан бір миллиард доллар көлемінде пара алды» - деген айып тағылған. Бұнымен қатар Өзбекстанда әкесі Ислам Кәрімовтың қазасынан кейін оған 53 миллион доллар көлемінде қаржы жымқырды, салықтан жалтарды, офшор компаниялардың құжаттарын жасырды, аса ірі көлемде пара алды және ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, бопсалаумен айналысты деген айып тағылып, Ташкент қаласының соты бес жылға бас бостандығынан айырған.
Тергеу жұмыстары барысында Гүлнара Кәрімова жымқырды делінген қаржының басым көпшілігі Швейцариядан табылған. Атап айтқанда Швейцария құзырлы органдары Гүлнара Кәрімоваға тиесілі 800 миллион доллар қаржыны бұғаттаған. Қазіргі таңда дәл осы 800 миллион доллар үшін Өзбекстан, АҚШ, Швеция және Швейцария арасында талас жүруде. Жоғарыда аталған төрт тараптың төртеуі де аталмыш қаржының өзіне тиесілі бөлігін алып қалуға тырысып бағуда. Шілде айының 31-і күні Швейцарияның Федералды соты Гүлнара Кәрімованың 800 миллион доллар қаржыны ешкімге бермей бұғаттап тастауға байланысты берген апелляциядық арызын қанағаттандырмады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?