Қазақстан 2021 жылы І Бүкіләлемдік этноспорт ойындарын өткізуге ниетті. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз жиынында хабарланған.
ҚР Мәжіліс депутаты, Ұлттық спорт түрлері ассоциациясының президенті Бекболат Тілеуханның сөзінше, 2018 жылдың 14-14 тамызында Түркияның Ыстамбұл қаласында ЮНЕСКО-ның этноспорт бойынша IV кешенді консультативті кеңесі өткен. Сол отырыста Қазақстанда І Бүкіләлемдік этноспорт ойындарын өткізу туралы шешім шығарылған.
«Одан бөлек, Қазақстан Республикасының ұлттық спорт түрлері Ассоциациясы Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының толыққанды мүшесі атанды», - деп хабарлаған Б.Тілеухан.
Айта кету керек, І Бүкіләлемдік этноспорт ойындарын Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы, ҚР Спорт және мәдениет министрлігі және ҚР Ұлттық спорт түрлері ассоциациясы өткізбек. Сонымен қатар, 2 қыркүйекте Қырғызстанда ІІІ Бүкіләлемдік көшпенділер ойыны өтеді. Оған Қазақстаннан да спортшылар қатысады деп күтілуде.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел