АҚШ-тың "Фокус " телеарнасының жүргізушісі Билл О'Рейли (Bill O'Reilly) алдыңғы аптада Трамппен сұхбаттасқанда, “Путин өзгеше тәсілдер қолданғыш ‹қандықол› ” деп атаған еді. Бұл пікір Кремльдің қарсылығын тудырып, президент Путиннен ашық кешірім сұрауды талап етті. Бұл туралы xinhuanet.com сайты хабарлап отыр.
Еске сала кетейік, өткен аптада Путинді "қандықол" атаған Беллдің сөзіне Трамп қарсы сұрақ қойып:"сенше біз ғана сүттен ақ, судан таза болдық па? Бізде де көптеген “қандықолдар” бар ғой. Өткенге көз жүгіртсек, ағаттықтарымыз аз емес» деген еді. Сұхбаттағы Трамптың пікірі де АҚШ-та күшті дау тудырды. Тіпті, Құрама Штаттың екі партиясы бірдей сынға алған болатын.
6 ақпан күнгі Путиннің баспасөз хатшысы Песковтың Путиннен кешірім сұрау туралы пікіріне, ашты тілді Билл бағдарлама үстінде-ақ жауап берді. Ол: «Путиннен кешірім сұрау жайлы ойлану үстіндемін, дегенмен біраз уақыт күтесіздер. . . кешірім сұрауды 2023 жылдан кейін көрерміз» деп салды. Песков оны да ескерусіз қалдырмай, «Кремль аса сабырлы, айтып отырған алты жылыңды көңілге алмайды, күтуге дайын», – деді. Қазір әлемдік БАҚ-та Билл мен Песковтың жауаптасуы қызу тақырыпқа айналды.
Ауд: Әділет Ахметұлы
“The Qazaq Times”


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?