Бүгінде маңызды мəселенің біріне айналған дəрі-дəрмек бағасының ала-құлалығы жұртшылықты алаңдатады. Теңге құнсызданған сайын, елдегі фармацевтикалық өнімдердің бағасы да шарықтап тұр. Қаладағы бірнеше дәріханаларды салыстыра отырып осындай шешімге келдік. Ал өзге де мемлекеттермен салыстырғанда отандық препараттардың құны екі-үш есеге жоғары. Сол себепті тұрғындар дәрі алуға қыруар қаржы жұмсайды.

Сандар сөйлейді

Қазақстанда фармацевтикалық дəрілерді шығаратын үлкенді-кішілі 79 компания мен дәрінің 8 мыңға жуық түрі тіркелген. Бірақ түпнұсқалық фармацевтикалық өнімдер әлі күнге дейін өндірілмейді. Басым бөлігі Германия, Франция, Ресейден жеткізіледі. Дәрі-дәрмектің 95 пайызға жуығы, ал фармацевтика өндірісінің 61 пайызы сырттан алынады. Шетелден жеткізілді деген сөз, дәрі құны да өзге валютамен белгіленеді дегенді білдіреді. Былтыр елімізде фармацевтикалық нарықтағы ақша айнылымы 458 млрд теңге болса, оның 277 млрд теңгесі (60%) халықтың қаржысынан құралған. «Vi-ORTIS» компаниясы жүргізген маркетингтік зерттеулерге сай, 2017 жылы қаңтар мен мамыр аралығында Қазақстанда зең ауруларын емдеуге арналған дəрілердің саны 617 776 қаптама, 925,3 млн теңге болыпты. Бұл дəрілердің барлығы дерлік сырттан əкелінген, ал отандық препараттардың үлесі тек қана 3%.

Отандық фармөндірушілердің басым бөлігі импорттық шикізат негізінде қарапайым дəрілік заттар – галенді препараттар, анти-септиктер (қайнатпалар, тұнбалар) шығарумен айналысады.

Біз айтпасақ...

Осы жылдың қаңтар айында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарды тегін дәрімен қамтамасыз етуді басшылыққа алғанын айтқан болатын. Қазіргі күнде бюджет ақшасының жөнді үнемделмеуіне байланысты бұл іс өз шегіне жете қоймады. Жүйелі істе нақты нәтиже болуы үшін отандық фармацевтиканың өндірістік секторын құру мəселесін қолға алған жөн. Бұл – жоғары технологияны қажет ететін жəне қымбатқа түсетін күрделі сала. Есесіне, сыртқы саудада ірі жетістікке қол жеткізуге болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған көрсеткіш бойынша Қазақстандағы фармөнімдер өндіру деңгейі екі есе төмен. Дамыған елдер дəрі-дəрмектің 65-90% өздері өндіреді. Демек, мемлекет қаражаты импорт пен экспортқа және меншікті фармацевтика өнеркəсібінің дамуына жұмсалады. Бұл көрсеткіш Испанияда – 63, Францияда – 54, Израильде – 42, Ресейде – 35, Белоруссияда – 25, Грузияда –20, Латвияда 15 пайызды құрап отыр.

Қалалар мен аудан, ауыл-аймақта орналасқан дәріханалардағы препараттар бағасының айырмашылықтары 15-25%-ға дейін. Егер қандай да бір дәріге тапшылық туындаса, үстеме баға тіпті жоғарылап кетеді. Мәселен, тұмауды емдеуге арналған «Флуконазол» 100 мг № 10 қалада 555 теңге болса, ауыл-аймақтарда 600-ден асады. Онымен қоса, бір жылда халықтың 120-130 млн теңгесі жасанды дәрі-дәрмекке кетеді екен. Бұл – таяқтың екінші ұшы. Сапасыз, жасанды дәріні сатылымға шығарғаны үшін Ұлыбританияның қылмыстық атқару жүйесі жазықтыларды бас бостандығынан айырады. Ал АҚШ пен Францияда сатылымға шығарған компанияларға 2 миллион доллар көлемінде айыппұл салу туралы заң жобасы бар. Өкінішке орай, бізде қатаң қағида, «қой дейтін қожа» болмай тұр.

«Микроскоптағы баға»

Дәрілердің шектік бағасымен қатар, көшірме нұсқасының бар екенін қаперде ұстаған жөн. Мысалы, бір ауруға қатысты дәрі бірнеше атаумен сатылуы мүмкін. Баға айырмашылықтары әртүрлі болғанмен, құрамы ұқсас. Дәрілердің рецептісі бірдей болса да, әртүрлі фармацевтикалық компаниялар өндіреді. Өндіру барысында әр компания дәріге дәмді компоненттер қосып, лимон қабығымен нәрлендіреді. Бұл әдіс препараттардың нарықта ерекшелене түсуі мен құнының өсуі үшін жасалады. Алғашқы болып айналымға енгізілген түпнұсқалар көшірмеден қымбат. Бірақ, түпнұсқа дәріні басқа көшірмемен дәрігердің рұқсатынсыз ауыстыруға болмайды.

Төмендегі кестеде көшірме-дәрілер мен баға айырмашылығы көрсетілген.

Дәрі-дәрмектің белгілі бір сырқатқа қолданылуы Халықаралық патенті жоқ дәрілер немесе дәрмектің құрамы   Қымбат бағалы нұсқа Баға

тг

Арзан бағалы  нұсқа Баға

тг

Аллергияны емдеу Лоратадин Кларитин, 10 мг, 7 табл. 1550 Ломилан, 10 мг, 10 табл. 1250
Кларидол, 10 мг, 7 табл. 1100
Лоратадин-Верте, 10 мг,
10 табл.
850
Цетиризин Зиртек, 10 мг, 7 табл. 1750 Цетрин, 10 мг, 20 табл. 1080
Парлазин, 10 мг, 7 табл. 700
Күйік шалған жерді емдеу үшін Декспантенол Бепантен, крем, 5%, 30 г 1200 Пантенол, крем, 5%, 35 г 1100
Тұмауды емдеуге арналған Тербинафин  Ламизил, гель, 1%, 15 г 3500 Тербизил, гель, 1%, 15 г 1750
Экзифин, гель, 1%, 10 мг 1000
Итраконазол Орунгал, 100 мг,
14 капсулалы
17000 Румикоз, 100 мг, 14 капсул 6000
Текназол, 100 мг, 15 капсул 5200
Эсзол, 100 мг, 10 табл. 3000
Флуконазол Дифлюкан, 150 мг, 1 таблетка 5150 Микосист, 150 мг, 1 табл. 2300
Микомакс, 150 мг, 1 капсула 1700
Флуконазол, 150 мг, 1 табл. 550
Көз ауруларын емдеу Дексаметазон Максидекс, тамшылары, 0,1%, 5 мл 850 Медексол, тамшылары, 0,1%,  5 мл 740
Дексаметазон, тамшылары, 0,1%, 10 мл 200
Тамақтануға қатысты емделу Панкреатин Мезим, 3500 ЕД, 80 табл. 600 Панкреатин, 3500 ЕД, 60 таблетка 210
Панзинорм Креон 10000, 150 мг, 20 капсулалы 2350 Панзинорм 10000, 150 мг, 21 таблетка 1200
Омепразол Омез, 20 мг, 30 табл. 1700 Ультоп, 20 мг, 28 таблетка 450
Омикап, 20 мг, 30 капсулалы 300
Омепразол-акос, 20 мг, 30 таблетка 210
Ранитидин Ранисан, 150 мг, 20 табл. 500 Ранитидин-акос, 150 мг, 20 таблетка 80
Домперидон Мотилиум, 10 мг, 30 таблетка 2700 Дамелиум, 10 мг, 30 таблетка 1300
Мотинорм, 10 мг, 30 таблетка 1250
Домпи, 10 мг, 30 таблетка 780
Тері ауруларынан емделу Бетаметазон и салицил қышқылы Дипросалик, жақпа май, 30 г 4100 Белосалик, жақпа май, 30 г 1800
Дәрумендер Тиамина хлорид (В 1), пиридоксина гидрохлорид (В6), цианокобаламин (В 12) Нейромультивит, 20 таблетка 1350 Пентовит, 50 таблетка 410
Тамыр жарақатын емдеу Симвастатин Зокор, 20 мг, 28 таблетка 3100 Вазилип, 20 мг, 28 табл. 2500
Симвор, 20 мг,  28 таблетка 2200
Симвастерол, 20 мг, 28 таблетка 2050
Верапамил Изоптин, 40 мг, 50 таблетка 1400 Верапамил, 40 мг, 50 таблетка 300
Изорбида мононитрат Оликард, 40 мг, 20 капсулалы 2250 Монокард, 40 мг, 30 табл. 970
Моносан,  40 мг, 30 табл. 850
Ацетилсалицил қышқылы Аспирин-кардио, 100 мг, 30 табл. 820 Годасал, 100 мг, 60 табл. 530
Розувастин Крестор, 10 мг, 28 табл. 5600 Роксера, 10 мг, 30 табл. 3000
Мертенил, 10 мг, 30 табл. 2800
Липозит, 10 мг, 30 табл. 2000
Қан қысымын түсіру Нифедипин Коринфар ретард, 20 мг, 30 табл. 1100 Кордипин ретард, 20 мг, 30 табл. 700
Нифедипин, 10 мг, 50 табл. 400
Бисепролол Конкор, 5 мг, 30 табл. 1250 Коронал, 5 мг, 30 табл. 1000
Нипертен, 5 мг, 30 табл. 900
Бисепролол, 5 мг, 30 табл. 530
Эналаприл Энап, 10 мг, 20 табл. 910 Энам, 10 мг, 20 табл. 770
Карлон, 10 мг, 20 табл. 320
Эналаприл-акос, 20 мг, 20 табл. 70
Амлодипин Норвакс, 10 мг, 30 табл. 7050 Нормодипин, 10 мг, 30 табл. 4900
Тенокс, 5 мг, 30 табл. 3000
Короним, 10 мг, 20 табл. 2200
Амлодипин Канон, 10 мг, 30 табл. 900
Лозартан Лозап, 50 мг, 30 табл. 2280 Лориста, 50 мг, 28 табл. 2070
Сентор, 50 мг, 30 таблетка 1070
Инсультті емдеу Клопидогрел Клопидогрел    Плавикс, 75 мг, 14 табл. 8150 Зилт, 75 мг, 28 таблетка 4700
Бауырды емдеу Урсодеоксихол қышқылы Урсофальк,  250 мг, 10 капсулалы 7580 Урсосан, 250 мг, 10 капсулалы 1150
Тилорон Лавомакс, 125 мг, 12 таблетка 5200 Амиксин, 125 мг, 10 таблетка 4000

"The Qazaq Times"