«7-20-25» бағдарламасы бойынша ең жоғары сұраныста екі бөлмелі пәтерлер екені анықталды. Бұл туралы «Баспана» Ипотекалық ұйымы хабарлады.
Сонымен бірге, «7-20-25» бағдарламасы арқылы сатып алынатын баспананың орташа құны да есептелді. Қазіргі таңда ол көрсеткіш 14 миллион 68 мың теңгені құрайды. Ал, қарыз алушының ортақ сипаты жас шамасы 24 пен 40 жас аралығында, отбасының ай сайынғы табысы 200 мың теңге көлемінде.
Экономисттердің сөзінше, жылдық үстемесі 7% болатын «7-20-25» ипотекасының ай сайынғы төлемі пәтерді жалға алып тұрғаннан арзан шығады.
Алматы қаласы «7-20-25» бағдарламасы бойынша ең көп несие берген қалалардың көшін бастап тұр.
Сонымен қатар ипотекалық несие беретін серіктес банктер де баршылық. Олар, Банк Центркредит, Евразия банкі, АТФ банк, банк RBK, Халық банкі, Цеснабанк, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі.