2019 жылдан бастап балабақшаға тұру кезегі электорндық форматқа көшіріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді.
Ерлан Сағадиев жаңа оқу жылына дайындық барысында 99 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізіліп оның 72-сі аяқталып қойғанын айтты.
«Ендігі маңызды жұмыс – балабақшаға кезекке тұру және жолдама беруді толығымен электронды форматқа ауыстыру. Сонда кезек жария түрде және тез жылжиды. Бұл жұмыс осы жылдың аяғына дейін барлық облыстарда аяқталуы тиіс”, – деді министр.
Жергілікті бюджет қаржысы есебінен балабақшалардың жөндеу жұмыстарына 1 миллиард 300 миллион теңге қаражат көзделген. Министрдің айтуынша, әкімдіктердің ақпаратына сәйкес, балабақшалар жаңа оқу жылына дайын.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді