Ресейдің қорғаныс өнеркәсіптік фирмасы «Рособоронэкспорт» мәлімдеме жасап, Түркияға сатып беретін S-400 зымыран қорғаныс жүйелерін 2019 жылы толықтай өткізіп беретінін мәлімдеді. Бұл туралы Түркияның «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Әуе қорғанысына арналған S-400-ді сатып беру және сатып алу келісім құны 2,5 млрд АҚШ долларын құрайды. S-400 толықтай өткізіліп берсе Түркия бұл әуе қорғаныс құрылғысын пайдаланған алғашқы НАТО мүшесі болмақ.
S-400 ұшқышты және ұшқышсыз ұшу аппараттарынан тартып баллистикалық зымырандарға дейін әуеде ұстап жоюға қабілетті. Бақылауына алатын аумақтың радиусы 400 шақырым. Құрылғыдан ұшып шыққан зымыран 30 шақырым биіктікке дейін көтеріле алады. Бір нүктеге орнатылған аталған қорғаныс жүйесі 80 нысанды жоя алады және әр нысанға қатарынан екі зымыран бағыттай алады.
Ресейлік бұл қорғаныс жүйесіне қазірге дейін тек америкалық «Thaad» зымыран қорғаныс жүйесі ғана теңдесе алады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы