АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон «ABC News» телеарнасына берген сұхбатында: «Қытай, Солтүстік Корея және Иран елдегі сайлауға араласуы мүмкін» деп мәлімдеді.

Болтонның сөзінше, Вашингтонда Бейжің, ТеҺран және Пиоңяң сайлауға араласады деп қауіптенетіндей жеткілікті айғақтар бар. Сол себептен АҚШ оған жол бермеу үшін, барлық шараларды қолға алып жатыр.

Өз кезегінде АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің «Twitter» парақшасына:"Ресейдің ізін аңдығандар басқа бағытқа – Қытайға қарайтындай уақыт болды" деп жазды.

Ал бұл кезде Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф «АҚШ билікті тақтан тайдыру мақсатында "арнайы топ" құрды» деп мәлімдеді. Ол бұл туралы «Twitter» желісіне жазды.

"The Qazaq Times"