ДАИШ террорлық ұйымының басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдади ауыр жарақат алды, - деп жазады«yeniakit.com.tr» агенттігі. Өзге де әлемдік ақпарат көздері қазіргі уақытта Әл-Бағдадидің ауыр жарақатының кесірінен топты басқармайтынын, оның міндеттерін тунистік Әбу Осман әл-Туниси атқарып жатқанын хабарлауда.
Аталған агенттіктің хабарлауынша, әл-Бағдади маусым айында Сүрияның ДАИШ тарапынан басып алынған елдімекендердің бірінде ирактық ӘӘК-мен (әскери әуе күштері) қақтығыс кезінде жараланған. Осы қақтығыс кезінде жүзге тарта адам зардап шегіп, олардың көпшілігі қаза тапқан. Олардың арасында болған әл-Бағдади алған жарақатының кесірінен қазіргі таңда жан сақтау бөлімінде көрінеді. Ақпарат құралдарының жазуынша, оның орнына тунистік Әбу Осман әл-Туниси тағайындалған. Бұдан бұрын, «Ислам мемлекетінің» (ДАИШ) басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдадидің ұлы Хұдайфа әл-Бадри болуы мүмкін екені айтылғанмен, қазіргі таңда оның да Ресейдің Сүриядағы ӘҒК-нің (Әскери-ғарыш күштері) операциясы кезінде қаза тапқаны туралы дерек бар. Тағы бір бейресми мәліметтер бойынша, оның Сүрияның Хомс қаласына жақын маңда сүриялық үкіметтік әскерилер тарапынан өлтірілгені айтылады.
Ал, ДАИШ басшысы Әбу Бәкір Әл-Бағдадидің нақты қайда екені белгісіз, бірақ алдын ала болжам бойынша, оның әлі тірі екені хабарлануда.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті